«Түнгі кітапханада» – ақынның шығармашылығы

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кеші түнгі кітапхана шеңберінде өтті.

Иә, жас ұрпақтың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсірген түнгі кітапхананың шымылдығы ақынның рөлін сомдаумен басталып, кейін өмір жолына арналған бейнероликпен түрлі қызықты ойындармен жалғасты.

kitapkhana-tungi-ayfyv

Сонымен кеш барысында ақынды тереңінен тану үшін, оның өзі туралы жазған «Менің анкетам» өлеңін аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Бірлес Бакетов пен Айдос Таженов мәнеріне келтіріп оқыса, аудандық өнер мектебінің мұғалімі Ерболат Кәрімов ақынның сөзіне жазылған «Ана сен бақыттысың жыламағын» әнін нақышына келтіріп орындап, көпшіліктің ерекше қошеметіне бөленді.

maarparpaaratlyv

Жалпы, бүгінгі таңда аға буынмен қатар жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқып, ақынның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатыны рас. Осындай жолды өзіне серік еткен кітапхана оқырманы Айбат Сансызбаев ақын шығармаларын мәнерлеп оқыса, Мәзім Шопанқызы, Айгүл Алдонғарова, Толқын Тәженова және жас ақын Ақтілек Әлібекұлы өздерінің ақынға деген жүрек жарды арнауларын жолдауға мүмкіндік алды.

audandyk-kiatapakhannaa

Ал кеш соңында шарада белсенділік танытқан оқырмандар марапатталып, кітапхананың тұрақты оқырмандары ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Д. Айбар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT