Тәркіленген қаржыға мектеп салынуда

Оқу-ағарту министрінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша  жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мыңнан астам оқушы орны іске қосылыпты.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры осы қаражат есебінен толықтырылып келеді екен. Бүгінде мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.
«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп, бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындықты қамтитын 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан», – деп мәлімдепті Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.
Жалпы мәлімет бойынша, Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.
"Дендер"-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT