Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында құрамында ауданымыздың ардагерлері мен белсенді жастары бар топ тариxи-мәдени маңызы бар орындарға экскурсия жасауды жолға қойған болатын.
Бұл жолғы сапар Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Ақмешіт қорымы болды.
Қысқаша тоқталып өтсек, Ақмешіт – XIX ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салғызған жер асты мешіті. Мұнда қазақ халқы құрметтеп, әулие санаған Бекет ата шәкірт дайындап, осында ғұмыр кешкен. Оның ата-анасы Мырзағұл мен Жәния және Тоғай есімді ұлы осы жерде жер қойнына тапсырылған. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, әкесі Адай атаның алтыншы ұрпағы саналатын Мырзағұл еңбекқорлығымен елінің сыйына бөленген, ал анасы Жәния шешеміз ақылдылығымен ауыл-аймағының арасында қадірі асқан жандар болыпты. Ал атасы Жаналы да әділдігімен аты шыққан, қоныстас руларға танымал, беделді ақсақал болған көрінеді. Жалпы Пір Бекеттің жеті мешіті болатын болса, соның қазір төртеуі ғана жұмыс жасап тұр. Міне, солардың бірі осы Ақмешіт қорымы, екіншісі өзі жатқан Оғыланды жерінде, үшіншісі Бейнеуде, төртіншісі Маңғыстаудың ойындағы Тобықтыда.
Енді келесі сапар XI ғасырда іргетасы қалаған, Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қаласы.
Диас АЙБАРОВ.
Индер-Құлсары-Индер.