Тамыздан бастап электр қуатының тарифі көтеріледі

1 шілдеден бастап Қазақстанның энергия өндіруші компанияларының, соның ішінде «Атырау ЖЭО» АҚ-ның электр қуатына шекті бағалары көтерілді.

Энергетика министрлігінің 29 маусымдағы бұйрығымен АЖЭО өндіретін электр қуатының тарифі бір киловатт-сағатқа 6,82-ден 8,48 теңгеге дейін өсті, яғни, 24%-ға артты.

Маңғыстау энергетикалық комбинатының да электр қуатының құны қымбаттады. Біздің өңір қажет болған кезде жетіспейтін киловаттарды осы кәсіпорыннан сатып алатын.

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің хабарлауынша, 30 маусымда «Атырау Энергосату» ЖШС оларға АЖЭО және МАЭК-тің жаңа бағаларын ескере отырып, тұрғындар үшін тарифті көтеру туралы өтінім жолдаған. Қаншаға көтеру ұсынылғанын айтпады. Өтінім 1 тамызға дейін қаралады.

Монополияға қарсы қызмет тарифтердің көтерілетінін жасырмады.

Мирас МҰСТАФАЕВ

azh.kz сайтынан

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21