Су бұрқаққа соқтығысып сотты болды (ВИДЕО)

Атырау қаласында ағымдағы жылдың 15 сәуірінде сағат 19:05 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Hyundai Accent» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қаладағы орталық көпірден түсіп келе жатып, Азаттық-Абай көшелері бойындағы бардюр мен су бұрқағына соқтығысқан деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция Департаменті. Оқиға салдарынан жарақат алғандар жоқ.

1992 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты іс- құжаттар жинақталып, сотқа жолдануда.

Айта кетейік, бұл жөнінде Атырау облыстық Полиция Департаментінің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT