Шеберліктің шыңына жете білуіміз керек

Әр мемлекеттің болашағы – жастар. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды жастарға мемлекеттің дамуы жолында өз идеяларын, ойында жүрген игі іс-шараларды жүзеге асыруына мол мүмкіндік беретін жыл болатын етіп жариялады.

Мен де ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Соның ішінде жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешу үшін диалогтік алаң құру мақсатында «TedTalks» форматындағы интеллектуалдық алаңдардан өтсек екен. Бұл шарада кәсіби спикерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпкерлік, саясат және жастар саласы бойынша ой қозғайды. Келесі жұмыссыз жастарды қоғаммен етене араласуға бағыттау, кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында семинар-тренингтер өткізсе, ауданымыздың көрнекті жерлері және ауылға, ауданға танымал аға буын өкілдерінің суреттерінен фотокөрме ұйымдастырылса, ауданымыздың тарихы мен шежірелері, аға-әпкелеріміздің ерліктері, еңбектері туралы көп мәліметтер біле алатын едік.

Қорыта айтқанда, еліміздің болашағы, жаңа әрі жас буыны – біздер. Ғылым мен инновацияның шарықтап тұрған заманында, біздер шеберліктің шыңына жете біліп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға дағдылануымыз қажет.

Жаннұр Сапарова,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT