Шалғайдағы шаруаның жайы қалай?

Индер ауданы әкімінің орынбасары шалғайда орналасқан шаруашылықтардың жағдайымен танысты.

Индер ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов сала басшыларымен құрылған топпен Елтай және Есбол ауылдық округтеріндегі қыстақтарда болып, олар кездесіп отырған қиындықтарды бірлесіп шешу мақсатында шаруалардың жай - күйімен танысты.

saulet

Сапар барысында ата кәсіпке мойын бұрған жастардың қатары көбейіпті. Асыл тұқымды сиыр малын сатып алып, жаңадан үй салып, сәнді тұрмыс кешуге дағдыланған өрелі жас буындарды көріп іштей сүйсіндік. Мемлекет тарапынан шалғайда орналасқан елді мекендердегі шаруагерлер үшін субсидиялау арқылы күн сәулесі панелдері орнатылған. Шаруалардың көпке ортақ ең басты мәселесі каналдарға судың дұрыс келмеуі, жер асты суларының ащы болуы және қысқа дайындық жұмыстары барысында шөптің тапшылығы. Осы мәселе тұрғысында аудан әкімінің орынбасары бұл мәселелер аудан әкімінің басты назарында екендігін атап айтты.

orynbasar

-Каналдарды сумен қамтамасыз етуге жауапты «Қазсушар» мекемесіне қажетті ұсыныстар енгізілетін болады. Қыста қардың, жазда жауын-шашын аз болуы қуаңшылықпен қатар жер асты суының деңгейінің төмендеуіне алып келді. Бұл жұмыстармен айналысатын арнайы салаға жауапты мекемелерге тиісті жұмыстарды тапсырып мәселені тез арада шешу жолдарын қарастырамыз, - деді аудан әкімінің орынбасары.

ukol

Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов қыстақтардағы шараушылықтармен толық танысып, іс бастағысы келген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтып, мемлекет тарапынан ауыл шараушылығына қолдауға арналған жаңа жобаларға түсінік берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521