Шабақтарға екінші өмір

Жайық өзені сан ғасырдан бері жағалай қонған елге ырыс болып, балығымен асырап келді.

Өкінішке орай, соңғы кезде өзенге деген тағылықтың кесірінен балық түгілі Жайықтан бақа да таппауға айналдық. Сондықтан да өзен байлығын қорғау еліміздің басты мәселесіне айналды.

Осы мақсатта Индер инспекция бөлімі шабақтарды құтқару жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді екен. Бұл жөнінде Индер инспекция бөлімінің ихтиолог-маманы А.Ибатуллина:

-Бүгінесептегі 21 үлкен-кішілісутоғанның 11-інесуқұйылыпказіргікездеуақшабақтарынқұтқаружұмыстарыжүргізілді. Айталық инспекция бөлімі шілде-тамыз айларында 10 су тоғанынан - 4 389 650 дана уақ шабақтарды құтқарып, Жайық өзенінен өмір сыйлады. Су қоймалары бекітіліп  берілген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, тағы басқа тұлғалар су қоймаларына Жайықтан құйылар су жолдарын тазалап, ағыспен келген ағаштар мен шөптерден арылтып, табиғат-ананы қорғауға септігін тигізуде, - дейді.

Өз тілшіміз.

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT