Сенбілікке де селқос қарайды

Негізінен 4-5 секторлар бойынша  тиісті мекемелер сенбілікке шығып, тапсырылған жұмыстарын толықтай  атқаруға күш салды.

Ал аудандық мәслихат хатшысы  Б.Сапаров жауапты болып белгіленген сектордағы жұмыстарды атқару барысында аудандық ветеринария инспекциясы (Ө. Темірғалиев) ұжымы қатыспай қалған.

Сол сияқты (жауапты-Ө.Оразғалиев) «Интергаз-Орталық Азия» АҚ Индер газ шаруашылығы (С. Құлғалиев) ұжымдарына арнайы ескертіліп,  белгіленген жұмыстары аптаның жұма күні атқарылған.

Қазіргі уақытта кент бойынша ең негізгі қоқыс ошақтары  М.Мәметова, Қорғантау көшелері бойы болып отыр. Мұнда  үш жерде иесіз пайда болған қоқыс ошақтарын  тазалауға «ИсиГипсИндер» ЖШС-нің  «КамАЗ» автокөлігі және «Тараз Сәулеті» ЖШС жүк тиегіш техникасы тартылып, тазаланып, қоқыс полигонға шығарылды. Қалған айналасындағы жеңіл тұрмыстық қалдықтарын «Айналайын» балабақшасы қызметкерлері жинаған.

Жайық жағалауындағы  Қ.Бектұрғанов көшесінде жыра көше тұрғындарының мал тезектері мен тұрмыстық қатты қалдықтарын тастауынан  қоқыс ошағына айналған. Оны тазалауға «ИсиГипсИндер» ЖШС тартылды. Олар КамАЗ автокөлігі және «Тараз Сәулеті» ЖШС жүк тиегіш техникасымен қоқыс арнайы орынға шығарылған.

Кент орталығындағы Д.Қонаев көшесі 7 үйдің  айналасы, Бейбарыс көшесіндегі екі қатарлы жатақхана және аудандық прокуратура жанында жиналған тұрмыстық қалдықтар Индербор кенті әкімі аппаратына қарасты КамАЗ автокөлігі және колледж техникасы көмегімен тазаланып отыр.

Жұмыс  барысында, үш рейс қоқыс шығарылып, қалған уақ тұрмыстық қалдықтарын жинауға Индер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (басшысы Ш.Ержанова) қызметкерлері ұйымшылдықпен шығып, жақсы бастама көрсетті.

Сонымен бірге Тайсойған-7, Д.Қонаев 19-20 үйлер аралығындағы қурап, құлау қаупінде тұрған теректерді кесіп, шығаруға «Таңат» ПИК қызметкерлері ұйымдасқан түрде қатынасып, ретке келтірді.

Ал 1-9 өткелдерінде орналасқан қоқыс контейнерлері мен алаңшаларын тазалауға «Индер Тек» ЖШС жүк тасығыш тракторлары және «Ақжайық-ТА» ЖШС қызметкерлері атсалысты.

Жалпы өткен аптадағы сенбілік қорытындысын шығарған Индербор кенті әкімі Р.Тұрабаев төмендегі жайларды хабарлайды:

- Бірінші сектор бойынша (жауапты М.Алдерзин) бірқатар жұмыстар атқарылды. Дегенмен Алғашық, Алғабас көшелерінде сенбілікке  аудандық ветеринария және аудандық ветеринарлық стансасы  (басшылары С. Оразғалиев, Е.Бөкеев) ұжымдары қатынаспады.

Екінші сектордағы (Қ.Нұрлыбаев)  өрт сөндіру бекетінің айналасы, Жайық жағалауы мен су қондырғысының ғимаратына дейін аралықтағы тазалық жұмыстары қашанда өте маңызды саналады.

Алайда аудандық төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері (І.Сақыпқалиев, С.Зинеденов, Ж.Мұртазаев) бұл жұмыстарға мүлдем қатынаспады.  Бұл жайлар арнайы суреттерге  түсіріліп, ақпарға тіркеліп, штабқа мәлім етілді.

Үшінші сектор бойынша (Д.Шамұратов) да осындай жағдай орын алды. Сенбілік кезінде берілген учаскелерінде «Қазақтелеком» Тайсойған бірлескен өндірістік телекоммуникация торабы (Ұ.Меңдігереева) мен аумақтық инспекциясы (Т.Махметов) қатыспауы салдарынан тиесілі тазалық жұмыстары өз дәрежесінде орындалмай қалды,-деп мәлімдеме түсірді.

Соңында барша тұрғындар мен қызметкерлерге ағымдағы жылдың 21 сәуірінде-«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» бір реттік акциясы өткізілетінін хабарлай отырып, оған ұйымшылдықпен үн қосуға шақырамыз.

Барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар «Көктем» мөлтек ауданындағы жаңадан салынған саябақта өтетін 1 000 (мың) көшет егу жоспарлануға  байланысты құрал-саймандарымен (тік күрек, қуыс күрек, тырнауыш, айыр, шелек, носилка және т.б.) келіп, акцияға қатысуы сұралады.  

 

С.БИСЕНОВ.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT