Сайлау – тарихи өзгерістерге бастар жол

рбір жылдың табысты, берекелі өтуі тікелей оқиғаларға байланысты.

Биыл сол берекелі әрі табысты жылдарға жаңа қадам жасалды. Еліміде көптеген елеулі өзгерістер болды. Оның басы Жаңа Қазақстанды құру жолындағы саяси өзгерістермен басталса, кейін, еліміздің заңнамаларына түзетулер мен өзгертулер енгізілді.

Яғни, референдум өзгерістерге жол ашты. Енді тағы бір саяси өзгерістерге жол ашылғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу және Президент өкілеттігін 7 жылдық мерзімге шектеу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бұл да көптің көңілін аудартқан жаңалық болды.

Шынында да жыл жаңарған сайын саяси бастамалардығ жиі өткізілуі үлкен өзгерістерге жол ашады. Себебі қалың бұқараның саяси көзқарасы қоғам үшін маңызды. Мемлекет болашағының жарқын болуына да тікелей әсер етеді. Сондықтан саяси науқанда белсенділікті арттыру керек. Өйткені Қазақстанның әр азаматы өз құқығын қорғауға мүдделі. Сол себепті ақ пен қараны ажыратып саяси белсенділікті арттыру керек.

Бұл бүгінгі күннің талабы.  Сайлауға жұмыла, бір кісідей атсалысу керек. Өйткені биылғы сайлау көптің керегіне жарайды. Саяси науқан еліміздің келешегіне жол ашады.

 

А.Жұмаберген

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT