Рустам Қарағойшин: «Экономикалық лифт» кәсіпкерлерге серпін береді деп сенеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдау­да шағын және орта бизнесті қолдау және агросалаға инвес­тиция тарту бойынша негізгі түйткілдерді айтып берді. Тиісінше, Мемлекет басшысы шешу жолдарын да ұсынды. Әрине, оны іліп алып кетіп, тиімді бастамаларға ұластыру – құзіретті мекемелердің міндеті. Осы орайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин «Egemen Qazaqstan» тілшісі сұрақтарына ­жауап берді. Рустам Қарағойшин: «Экономикалық лифт» кәсіпкерлерге серпін береді деп сенеміз – Кейбір салықтық, басқа да ке­дергілерге байланысты көп­теген шағын бизнестің орта биз­неске ауысқысы кел­мейтіні айтылып жүр. Мұның себебі не деп ойлайсыз? – Орта бизнесті қолдау және дамыту еліміз үшін маңызды міндет және «Бәйтерек» холдингі бұл үдеріске белсенді атсалысып ке­леді. Алайда шағын бизнес көбіне бір­қатар кедергіге тап болып жатады, соның ішінде салық және әкімшілік кедергілер ғана емес, сонымен қатар кеңеюге байланысты жоғары тәуекелдер де бар. Көптеген кәсіпкерге орта бизнес санатына көшу үлкен инвестицияны және оларды жүзе­ге асыратын күрделі үдеріс­терді басқаруды білдіреді. Мұндай жағдайда мем­лекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Қолдау қол­­жетімді, түсінікті бо­луы керек. Бүгінде холдингтің ен­шілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» желісі бойын­ша «экономикалық лифт» жүйесі арқылы кәсіп­керлерге көмек көрсетуге бағытталған бағдарлама іске асырылып жатыр. Бағдарлама сегментке, салаға және жобаның орналас­қан жері­не байланысты 6 қолдау бағы­тын қамтиды. 3 млрд тең­геден астам сомаға жобалары бар ком­паниялар үшін мемлекет­тік қолдаудың үш жылынан ке­йін ресми қаржылық деректер негізінде тіркелетін орта бизнеске көшуді растау талап етіледі. Біздің мақсатымыз – бұл қол­дау шараларын бизнеске мүм­кіндігінше қолжетімді ету. Бұл ша­ғын бизнесті орта са­нат­қа кө­шуге ынталандырады. Орта биз­несті қолдау бойын­ша жұмыс тек құралдарды ғана емес, мем­ле­кеттік және ква­зи­мем­ле­кет­­тік сек­тордан бас­тап қаржы инсти­­тут­тарына де­йінгі барлық ­дең­гей­де кәсіби көз­қарасты қажет ете­ді. Біз Мем­лекет бас­шысының тап­сыр­мала­рын Үкіметпен, биз­нес-қауымдастықпен тығыз ын­ты­мақтастықта орындайтын боламыз. – Президент «Ша­ғын және орта бизнесті дамыту үшін фин­­­тех тәсілдерін пайдала­ну­ға болады, бұл мәселе бойын­ша тиісті ұсы­ныстар бар» деді. Сіз­­діңше, қандай финтех тәсіл­дер­ді қолданысқа ен­гізген пайдалы болмақ? Ша­ғын және орта биз­несті қолдау ша­ра­ла­рын сұ­рыптау да үлкен жұ­мысқа айнал­­ғалы тұр. Бұл жа­йында не айтасыз? – Шағын және орта биз­несті (ШОБ) дамытуда финтех тә­сілде­рін пайдалану өте тиім­ді. Фин­тех технологиялары ШОБ үшін қаржы қызметтерін қол­жетім­ді әрі ың­ғайлы етіп, олар­дың өсуіне ық­пал жасайды. Кей­бір фин­тех тәсілдердің бірі ретінде ша­ғын және орта бизнес өкілдерімен ­онлайн өзара іс қимыл жасау үшін цифр­лық құралдарды қолдану­ды айта аламыз. Мысалы, бізде холдинг ком­­­­паниялар тобы ұсына­тын қыз­­­­меттердің «бірыңғай тере­зесі» ре­тінде «Bgov» – биз­нес­ті қолдаудың бірыңғай пор­­та­лы жұмыс істейді. Кәсіп­кер хол­дингтің еншілес ұйым­дарының қызметтерін бір жерден тауып, өтінім бере алады. Бүгінде порталда несие беру, субсидия беру, лизинг, сақтандыру, кепіл­дік беру және инвестициялау сияқты бағыттар бойынша 47 қызмет қолжетімді. – Ауыл шаруашылығы­ның инвести­циялық тартымдылы­ғын арттыру және бұл салаға сапалы инвестиция тарту мәсе­лесі холдинг шеңберінде қалай жүзеге асырылып жатыр? – Елі­міз негізінен өзін барлық негізгі азық-түлік өнімімен қам­тама­сыз ете алады және ма­ңызды экспорттаушы бола ала­ды. Себебі агро­өнеркәсіп кешенінде (АӨК) даму үшін үлкен инвестиция­лық әлеует шоғырланған. Қаражат­тың шамамен 70%-ы мемлекет есебінен АӨК-ке, оның ішінде біздің даму институттары арқы­лы жі­берілетіні қалыпты жағдай емес. Екінші деңгейлі банктер үлкен өтімділікті жинақтайды, оны экономиканың нақты сек­торларын, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуға бағыт­тау қажет. Биыл холдинг ауыл шаруа­шылығы министрлігімен бірлесіп көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие ұсыну және жылдық 5% мөлшерлеме бойынша ауыл ша­руашылығы техникасының ли­зингі бағдарламаларын іске қосты. Бағдарлама аясында қор­ландырудың көзі ретінде холдинг нарықтық қаражатты тартты. Фермерлер үшін кредиттерді арзандату облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау есебінен жүзеге асырылады. Бұл бюджет шығындарын пропорционалды түрде арттырмай, агросекторды қаржыландыру­ды қысқа мерзімде айтарлық­тай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл оң тәжірибені банктер де қолдануы керек деп есептейміз. Бағдарламаларымыздағы та­­ғы бір маңызды жаңалық – «Даму» қоры жеткілікті кепіл­мен қам­­тамасыз етілмеген фер­мер­лерге кредит сомасының 85% мөл­шерінде кепілдік алу­ға мүмкіндік береді. Бұл – өт­кен жылы және биыл бірін­ші жартыжылдықта қолай­сыз ауа райының салдарынан қар­жылық жағдайы нашар­лаған ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілерді қолдаудың пәрменді шарасы. – Президент «агроөнеркә­сіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет» деді. Осының мәнін тереңірек түсіндіріп бер­сеңіз. Президент айтып отыр­ған қаржыландырудың бұл тәсілі саладағы тиімділікті қа­лай арттырады? – Тікелей субсидиялаудан тіке­лей жеңілдетілген несиелеу­ге көшу – агробизнесті мемлекет­тік қолдау көрсету тәсілдерін­дегі жүйелі өзгеріс. Субсидия – ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­ші өз қалауы бойынша басқа­ра­тын қайтарымсыз қаражат. Оны фермерлер ақылы түрде қайта инвестициялай алады. Сон­­дай-ақ бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыра отырып, өз өндірісін дамытады. Не болмаса өндіріспен байланысты емес мақсаттарға суб­сидия жұмсай алады. Содан кейін ол мемлекеттік қолдауға одан әрі тәуелді бола береді, бәсе­кеге түсу және қызметтің рен­табельділігін сақтау қиынға со­ғады. Бұдан басқа, тауарлық-специ­фикалық субсидиялар­да сыбайлас жемқорлық, мемле­кет­тік қаражатпен алаяқтық тәуе­келдері бар. Бұл туралы құқық қорғау органдары бірнеше рет хабарлады. Жеңілдетілген несиелеу кезін­де мемлекеттік қаражатты қай­тару қамтамасыз етіледі, содан кейін олар жаңа жобаларға, қол­даныстағы жобаларды дамытуға қайта инвестицияланады. Мұны шартты түрде экономиканың бас­қа секторларына, жеке тұты­ну­ға жұмсалмайтын, бірақ ауыл шаруашылығын дамыту үшін мақсатты жұмыс істейтін жабық айналым жүйесі деп атауға болады. Несиелеу кезінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуы бақыланады. Қарыз алу­шылар бізге қаражаттың қай­да бағытталғаны, олардың өнді­рісі қалай дамып жатқаны туралы есеп береді. Біздің қаржы инс­титуттарымызда кредиттік қаражатты пайдалануға мониторинг жасау жүйесі құрылған. Жеңілдікті несиелеу де – субсидия нысаны. Мысалы, қазір көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын, жылдық 5% же­ңілдікті мөлшерлемемен ауыл ша­руашылығы техникасының лизингін несиелендіріп жатырмыз. Жылдық инфляция шамамен 8-9% болғанда, қарыз алушы бізге нақты мәнде, инфляция­ны шегергенде, аз соманы қай­тарады. Яғни іс жүзінде біз теріс пайыздық мөлшерлемемен несие туралы айтып отырмыз. Бұл субсидия нысаны – жеңілдік пен нарықтық мөлшерлеме ара­сын­дағы айырмашылық. Мемлекет басшысының алға қойған міндетін қолдаймыз, жеңілдікті несиелеу көлемін одан әрі ұлғайтуға ниеттіміз. Ауыл шаруашылығы министр­лігі салалық орган ретінде субсидия­лау мен жеңілдетілген несие­лен­діруден біртіндеп көшу­дің тәсілдері мен кезеңдерін анық­тайды. Әңгімелескен – Абай Аймағамбет, «Egemen Qazaqstan»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT