Рейд жүріп жатыр

Ауданда белгіленбеген жерлерде қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығару фактілерін анықтау мен жолын кесу айлығы ұйымдастырылуда.

Өйткені елдімекендердің айналасында рұқсат етілмеген қоқыс полигондардың таралуына байланысты қолайсыз жағдайдың қалыптасуы алаңдатып отыр. Сондықтан мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде тиісті алдын алу шараларын, оның ішінде қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленген орындардан тыс жерде сақтауға жол бермеуді күшейту тапсырмасы берілген. Осыған сәйкес, 30 қыркүйек-30 қазан аралығында жергілікті атқарушы органдар мен учаскелік полиция инспекторлары мұндай фактілерді анықтау мен жолын кесу, елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

А.СЕЙФУЛЛИН, АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521