Индербор кенті кеңейіп келеді. Соған сай қоғамдық көлікке деген халықтың сұранысы артып отыр.
Бұл жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов: - Бұл өзекті мәселені шешу жолдарын қарастырып келеміз. Бүгінде кентішілік 2 маршрутты дайындап отырмыз. Онда кенттің жаңа мөлтек аудандарын да толық қамту жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізушілерге аялдамалардың орнын салып кетуге ұсыныс жасадық. Болашақта оған жаңадан аялдамалар орнатуды қолға алатын боламыз. Бұрынғы аялдамаларды жолдың бойынан алғызуға тура келеді. Кезінде аялдамаға берілгенімен оны әркім әрқилы пайдалануда,-дейді тілдескенімізде. Сондай-ақ «Индербор-Құрылыс», «Индербор-Көктоғайға» дейін ауданішілік автобус маршрутын да қалпына келтіруді жоспарлап отырған көрінеді.
Саламат БАЗАРБАЕВ.
Сурет: Ашық дереккөзден