Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына ТШО болашақ жобалары таныстырылды

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге Теңіз кен орнына барып, «Теңізшевройл» ЖШС болашақтағы жобаларымен танысты, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұнай-газ кешенін биіктіктен қараған Алик Шпекбаев пен Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасының құрылысымен танысты. «Тенгизшевройл» ЖШС болашақ кеңейту және сағалық қысымды басқару жобаларының директоры Мик Крэйли жұмыстың жоспарға сай жүріп жатқанын айтты.

z

БКЖ 2023 жылдың ортасында іске қосылады, ал сағалық қысымды басқару жобасы 2022 жылға жоспарланған. Болашақ кеңейту жобасы Теңізде шикі мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге артып, жылына 39 млн тоннаға жетеді. Құрылыс нысандарын аралау барысында агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлемдік деңгейдегі ірі энергетикалық жобалардың бірінің құрылысымен танысты.

ТШО өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиялық қиындығын айтып, өндірістік қауіпсіздікке ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Алик Шпекбаев компания өкілдеріне бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болған жағдайда тікелей хабарласуға болатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз