Қауіпсіздік айнасына қараңыз!

Индербор кентіндегі Б.Бозекенов пен Г.Шамин көшелерінің қиылысына жол қауіпсіздігі үшін айна орнатылды.

Сауда нысандары көп орналасқан орталықтағы Г.Шамин көшесінде көліктердің қатынасы әркез үзілмейді. Ал оған Б.Бозекенов атты тар көшеден шығарда жолдың екі жағы толық көріне бермейді. Яғни осы қиылыстың қатері басым екенін жүргізушілер жақсы біледі. Енді жүргізушілерге дөңес айна арқылы жақындап қалған көлікті аңғаруға мүмкіндік бар. Бұл істі жол апатының алдын алуда кент әкімшілігі мен аудандық полиция бөлімі жүзеге асырып отыр.

-Алдағы уақытта кенттегі Б.Нысанбаев пен Ш.Уәлиханов көшесіндегі қиылысқа да осындай қауіпсіздік айнасын қондыруды жоспарлап отырмыз, - деді Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратовты сөзге тартқанымызда.

Орнатылған жол белгілерін бүлдіруге жол бермей, ұқыпты ұстайық, ағайын!

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521