Полиция инспекторлары тұрақтамайды

Әкімдердің халық алдында есеп беру жиыны ауданға қарасты Аққала елді мекенінде жалғасын тауып, оған аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов бастаған бірнеше мекеме басшылары қатысты.

Аққала ауылы аудан орталығынан 12 км қашықтықта орналасқан ауылда мектеп, мәдениет үйі, фельшерлік пункт, газ тарату және су жіберу қондырғысы мен 4 азық-түлік дүкені халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Кезекті кездесу жиынында округ әкімі Ербол Дүйшім өткен жылға шолу жасап, алда тұрған міндеттерді қамтыды. Айталық, ауылдың еңбекқорлығы жарасқан тұрғындарының тұрмыстіршілігі тым-тәуір жақсы. Ауылмен аттас мектепте 170 оқушы білім алса, оларға 32 мұғалім білім береді. Өткен оқу жылында екі-екіден «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері шыққан. Сондай-ақ 92 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылса, 2 млн 56 мың теңгенің спорттық тауарлары алынып, мұз айдындарының орны белгіленген. Тіпті жаңадан салынған балалар ойын алаңы да ауыл үшін жағымды жаңалық болса керек. Сонымен бірге жаңа ФАПтың құрылысының да аяқталуы жақын болса, балабақша салу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр.

dsc_1838

Міне, осындай жағдайларды баяндаған ауыл әкімінің сөзінен соң ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раушан Маратов мінберге көтеріліп, «Аққала-Мәдениет» үйі «Елтай-Мәдениет» үйіне қосылып жатқандығын, тазалық мәселесі өткір тұрғанын, учаскелік полиция инспекторлары тұрақтамайтынын, ауылдағы психологиялық ауытқушылығы бар баланың жағдайын жеткізсе, Күнжамила Ибрашева ауданға сенат пен мәжіліс депутаттары келгенімен ол шағын елдімекендердегі тұрғандармен кездесуге келмейтінін айтты.

Ал Абай Құлжанов Жайық жағасындағы жыра ішіне тұрғындар қоқыс төгіп, кейін оны өртеп тастайтын, ал оның көк түтін иісі үйге кіретінін айтып қынжылды. Көтерілген мәселелерге орай аудан әкімінің орынбасары С.Өтеғұлов пен окург әкімі Е.Дүйшім және мекеме басшылары толық жауап берді. Жиында ауыл тұрғындары округ әкімінің жыл бойғы атқарған жұмысын мақұлдады.

Диас АЙБАРОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика