Республика мерекесіне орай Орал қаласында шағын футболдан «Байтерек CUP» турнирі аяқталды. Жарысқа бапкер Дархан Әжіғалиев жаттықтыратын аудандық балалар спорт мектебінің жас футболшылары қатынасып, жеңіспен оралды.
Индерлік футболшылар алғашқы ойында «Жас Ақжайық» командасын 8:2 есебімен ұйсарай ұтса, келесі кездесулерінде де мерейлері үстем болды. «Алаш» командасын 6:3, «Махамбетті» 4:0 жеңді. Жартылай финалда «Байтерек» командасын 3:1 есебімен ұтып, ақтық сында «Батыс Қамқор» командасымен 2:2 есебімен тең түсті. Пенальти да 3:1 есебімен жерлестердің жолы болып, турнирдің алтын жүлдесін иемденді.
-«Байтерек CUP» турнирі жылда дәстүрлі өтіп келеді. Жарыста шәкірттерім күнделікті жаттығудағы білгенінен жаңылмай жақсы өнер көрсетті. Ал осы жарысқа қатысуымызға жергілікті азаматтар Дамир Төлешов пен Қуандық Саламатов демеушілік танытты, - дейді жеңімпаз жерлестердің бапкері Дархан Әжіғалиев.
САЛАМАТ Б.