Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды

30 қараша күні Атырау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мен «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әке- жауапты лауазым» атты әкелер және «Өнегелі ана-ізетті қыз» атты аналардың облыстық слеттері өтті.

Слет жұмысына Атырау облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Бақытгүл Хаменова төрағалық етті.

korermen-analar

Жиынға сот, құқық қорғау органдары, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және облыстық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Индер ауданынан аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Өтепқалиев, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Самат Жұмағалиев, М.Әуезов атындағы орта мектебінің әкелер кеңесінің төрағасы Серік Жайшығұлов, Көктем қазақ орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Қайырлы Гильманов, Жарсуат ауылдық әкелер кеңесінің төрағасы «Шапағат» қоғамдық қорының жетекшісі Байғали Утеманов қатынасты. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова индерлік Самат Жұмағалиев пен жарсуаттық Байғали Утемановты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

akeler-slet

Сонымен қатар, аналар слетіне де барлық аудандардан тәрбие ісімен айналысып жүрген аналар, әр саланың кәсіп иелері қатынасты. Индер ауданынан, атап айтқанда аудандық білім бөлімінен Тұрсынай Аренова, Индер көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінен Гүлфара Абенова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Светлана Жанғали, кәсіпкерлер Оңай Арыстанова мен Ғалия Сұлтанова сынды әйел-аналар қатысты.

audandyk-analar

arystanova

kara-kojlek

Шарада Оңай Арыстанова мен Ғалия Сұлтанова облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521