Музейге экскурсия жасап, рухани сусындадық

Ел тарихын, мәдениетін білу – әрбір азаматтың міндеті.

Ал өткенді білмей болашаққа көз жүгірту мүмкін емес. Өткеннің ізін жаңғыртып, тарихтан сыр шертетін негізгі құрал бұл-Музей. Екі дәуір арасындағы ұлы көпір десек те артық айтпағандық болар еді. Тарихи оқиғаларды санамызға сіңіруде Музейдің рөлі орасан.

Осы тұрғыдан Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Бейбіт Сембекұлының бастамасымен бізде рухани сусындауға, ел тарихына қала тарихына бір көз жүгіртіп, патриоттық сана сезімімізді нығайту мақсатында, Атырау гарнизоны әскери полиция бқлімшесінің жеке құрамының қатысуымен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне үстіміздегі айда экскурция жасадық. Музейден тамыры терең тарихымызды сыр шертетін түрлі құнды заттар мен өткенді айна қатесіз бейнелеген көріністерден көп ой түйдік. Ішкі жан дүниеміз бен руханиятымыздың дамуына үлкен септігі тиді. Тіптен бойымызды бабалардың ерлігі, өрлігіне деген, жерді қорғаудағы, елді күзетудегі ерліктері мен түрлі сындарда мұқалмаған жігерлеріне деген риясыз алғыс кернеп тұрды.

Бақтияр Дәуренқұлов

Атырау гарнизоны ӘПБ (әкімшілік тәжірибе) офицері

әділет капитаны

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика