«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталды

Құрметті аудан тұрғындары «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталды! Индер аудандық ішкі саясат бөлімі "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығын хабарлайды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсты өткізудің мақсаты: 1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау; 4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. 1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар; 2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі; 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу); 7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері; 9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға Индер аудандық комиссиясына өтінімдер 2024 жылғы 15 мамырынан бастап 2024 жылғы 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада аудандық ішкі саясат бөлімімен немесе Индербор кенті және ауылдық округ әкімдігімен қабылданады. Байланыс нөмерлері: 2-18-26, 2-05-24

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521