Мемлекет басшысының кітапхана ісіне мән беруі - зор мәртебе

Аудандық кітапхана ұжымы бүгінгі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.

Жолдауда мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы өсіп-өркендеуінің нақты қадамдарын айқындап берді. Соның ішінде мәдениеттің мәйегі болып саналатын кітапхана саласын атап өткені көңілімізді бір сергітіп түсті деуге болады. Жолдаудағы Мемлекет басшысының кітапхана ісіне мән беруі зор мәртебе деп білемін. Бұл Қазақстан кітапханаларының кітап мәртебесін көтеруде атқарып жатқан жоғары деңгейдегі еңбектерінің жемісі.

Бұған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» жобасы, «2021 жыл- Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылында» атқарылған көптеген іс-шараларды тілге тиек етуге болады. Кітапхана мамандарының жалақысы 2025 жылға дейін жыл сайын көтеріліп тұруы қуантарлық жаңалық. Кітапханашылар әрі қарай аталған Жолдауды басшылыққа ала отырып, оқырманға насихаттаудағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Д.М.Аренова,

Индер аудандық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесінің директоры 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT