Мектепте «Медиация кабинеті» ашылды

Жақында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте дауларды соттан тыс шешу тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы даукестік деңгейін төмендетуге, соттардың жүктемесін азайтуға бағытталған «Татуласу:сотқа дейін, сотта» жобасы аясында «Медиация кабинеті» ашылды.

Алдымен аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Гүлфара Егізбаева құқықтық насихат ретінде жоғарғы сынып оқушыларына «құқықтық сағат» күнін өткізіп, мектеп медиациясы туралы түсінік берді. Ал ауданда- ғы кәсіби медиатор Көркемай Қаусова бұл кабинет мектеп ішіндегі дау-жанжалдарды ушықтырмай-ақ, сотқа дейін жеткізбеу үшін құрылғанын атап өтті.

Сонымен қатар медиация кабинеті арқылы татуласу процедураларына оқушылардың ата-аналары да қатысуға мүмкіншіліктері барын түсіндірді. «Медиация кабинетінің» алқызыл лентасын Көркемай Ұзақбайқызы мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Мүкиева кесті. Айталық, бұл кабинеттегі көрнекі тақтайшада дауды шешудің қағидаттары туралы ақпараттар орналастырылыпты.

Д.АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз