Маңызды қадам – жаңа инвестиция тарту

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет құру бастамасын уақыт талабы деп санаймын.
Бірер жыл бұрын заңсыз активтерді елге қайтару мәселесі өзекті болды. Бұл бағытта атқарылған істер аз емес - шетел асқан біраз қаражат елге оралып, экономикаға құйылды.
Ендігі маңызды қадам – жаңа инвестиция тарту арқылы ел экономикасына серпін беру, халықтың тұрмысын жақсарту.
Инвестор елге сеніммен келуі үшін олардың құқығы нақты қорғалуы тиіс. Арнайы комитет сол сенімді нығайтып, мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал ететініне сенемін.
 
Нұржан Бисембаев,
Индер аудандық мәслихатының депутаты,
аудандық балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT