Мәртебелі марапат

Ауданның 90 жылдық мерекесі қарсаңында аудан әкімі Серік Арыстан Көктоғай ауылында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Жұмабай Жұмашевты құттықтай барып, «Индер ауданының Құрметті азаматы» атағының белгісін табыс етті.

Жұмабай Жұмашев І-ші Украина майданының 65-атқыштар полкының құрамында Украинаны азат ету ұрыстарына қатысқан. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен келгеннен соң ұзақ жылдар сауда саласында абыройлы қызмет атқарған. Ауданның Құрметті азаматы мәртебесіне ардагерді өткен аудандық мәслихат сессиясында депутаттар бірауыздан қолдаған еді. Кездесу барысында аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров пен аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриев құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Ардагер зор құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Көктоғай ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз