Мәңгілік алау – мәңгілік белгі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Туған жер» жобасы аясында ауданымызда өткен «Туған жер, еш нәрсе жоқ сенен ыстық, өйткені сенде туып, сенен ұштық» атты жерлестер форумы өткен болатын.

Аудан басшысы С.Арыстанның бастамасымен жүзеге асқан форумда жан-жақта жүрген кәсіпкерлер елге келіп, туған жеріне ықыласы ауды. Соның бірі Бөдене ауылдық округі әкімі Жанболат Ғизатов пен облыстық мәслихат депутаты Сағидолла Құлғалиев арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумында ауылдағы боздақтарға арналған ескерткішті орталық алаңға қайта жасақтау құрылысы қамтылған. Міне, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Әуелі аудан басшысы Серік Арыстан ауыл тұрғындарымен кездесуді жаңа ғимараттағы «Рухани жаңғыру» кабинетінен бастап, онда ауыл ақсақалдары бөдененің бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде әңгіме бөлісті.

Одан әрі жерлестер форумындағы меморандумның нәтижесінде алғашқы жұмыстардың аяқталып жатқанын тілге тиек етіп, осындай игі бастаманы өз мойнына алған Сағидолла Саламатұлына аудан әкімшілігі мен ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, боздақтарға арналған "Мәңгілік алауды" тұтатты. 

Осы ауылда 30 жылдай еңбек өтілі өткен С.Құлғалиев ауылдастарын Елорданың мерейтойымен құттықтап, жүрек-жарды тілегін арнаған соң, талапқа сай ғимараттардың бәрі салынған ауылға  енді келер ұрпағымызды имандылыққа ұйытатын Алла үйі бой түзесе игі болмақ деді.

Шараға қатысқан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлден Мусағалиев пен Индер ауданының Құрметті азаматы Бағыт Еңсепов те ізгі тілектерін білдірді. 

Айта кетейік, мрамордан жасалған бұл ескерткіште Ұлы Отан соғысынан оралмаған бөденелік 137 жауынгердің есімі ойып жазылған.

 

Д.ҚАБИ.

Бөдене ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521