Ұлы Абай күні Ибрагим дүниеге келді

Абай күні аталған 10 тамыз күні Индер аудандық перзентханада бір нәресте дүние есігін ашты.

Перзетхананың балалар ембикесі Толқын Қосымбаеваның айтуынша, дүниеге келген сәбидің салмағы-3,350, ал бойы-55 см. Қазіргі уақытта сәбидің де, оның анасының денсаулықтары жақсы.

-Алып Абай күні өмір есігін ашқан ұлымыздың есімін, елінің патриоты болсын деген ниетте «Ибрагим» деп атадық. Өйткені ақынның азан шақырып қойған шын есімі – Ибраһим еді. Сондай-ақ кішкентайымның осы бір тарихи күн өмірге келгені үшін қуаныштымын. Перзентхана дәрігерлеріне де ризашылығымды білдіремін,-дейді жас ана.

Айталық, жеке кәсіпкер болып еңбек ететін отағасы Бағдат Ментаев пен орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсара Талғатова ұлы мереке күні өмір есігін ашқан бөбектің ұлы адамдар қатарында боларына сенеді. Міне, жас отбасының Айару мен Айзере есімді қыздарының қатары торсықтай Ибрагим есімді ұл баламен толықты.

Хәкім Абай күнінде жарық дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын деп тіледік.

Жалпы аудан бойынша жыл басынан бері 150 сәби өмірге келді.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз