"ӘЛЕМНІҢ ЧЕМПИОНЫН ӘЛДИЛЕП..."

Индер жері небір дарындылар мен таланттар мекені екені даусыз. Ел даңқын асырған, әлі де әр салада еліміздің туын желбіретіп жүрген саңлақтарымыздың бәріне алтын құрсақ аналарымыз жарық дүние сыйлаған. Сондықтан да біз бүгін еліміздің даңқын шет мемлекеттерде асқақтатып жүрген жас спортшы Айбек Әбділовтей алыпты дүниеге әкелген анасы Гүлшат Аманқосқызын құрмет төріне шығаруды жөн көрдік. Гүлшат Икембаева – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы, қазіргі Боранқұл ауылының тумасы. 1967 жылы Аманқос пен Нұрсұлу Икембаевтардың қарапайым теміржолшы отбасында дүниеге келген. Ол он баланың үшіншісі, алдында аға-апасы мен артынан ерген іні-сіңлілері бар. Мектепті тәмамдаған соң, 1984-1989 жылдары Гурьев педагогикалық институтында физика-математика факультетінде білім алады. Кейін туған жеріне барып, алғашқы еңбек жолын Үстірт станциясындағы Калинин орта мектебінде сабақ беруден бастапты. Студент кезінде жары Әбділ Қабдоловпен танысып, достықтары әрі қарай 1990 жылы отбасы бақытына ауысып, Өрлік ауылына келін боп түседі. Толығырақ Dender Gazeti Жадыра Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521