Латынға көшетін болдық па?

Облыстық мәслихат депутаты Ж.Амантурлин Бөдене ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Еліміздің даму қарқыны, өңір экономикасы айтылғаннан кейін тұрғындар пікірлерімен бөлісті.
Айталық, ардагер Ә.Мусағалиев латын әрпіне көшу жайы неге кешеуілдеп қалғанын, тұрғын К.Сәрсенғалиев салынған жаңа 10 үйдің көбі бос тұрғанын сөз етті. Ал ардагер ұстаз Ә.Есқазиева редакция жанынан құрылған "Ел болам десең..." айдарының бұқаралық сипат алып келе жатқанын, газетте оқушылардың шығармашылығына, балаларға арналған бет шықса деген ойымен бөлісті.
Газеттің бас редакторы көтерілген сұрақтарға жауап берген соң азаматтарды өтініштері бойынша жеке қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT