Көше атаулары жаңарып, белгілер орнатылуда

Көшелер атаулары жаңғыртылуда Бұл жағымды жаңалықты бізге Елтай аулынан белсінді тілші-авторымыз, әдебитеші ұстаз Нағима Уәлиева жеткізді. Аудандағы санаулы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» жоғары атағын иеленген ұстаздардың бірі Жанша УӘЛИЕВА  апай есімімен аталатын көше атаулары жаңғыртылып, ілініпті.

Оның мән-жайын ауыл әкімі Ербол Дүйшімнен білгенімізде, өткен кезеңде осы ауылдың перзенттері, атақты күйші Баламайсан Дауылұлы мен «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері» атақты шопан, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Аманкелді атындағы кеңшардың аға шопаны Сағынтай ҚҰСАНОВ (1938–1998), екінші Дүниежүзілік соғыс пен еңбек ардагері, бұрынғы «Социализм» ұжымшарында партком хатшысы, басқарма төрағасы, ферма меңгерушісі болған (1945–1961) болған Қаби МЕҢЕТАЕВТЫҢ (1906–1979) есімдері бір шешіммен берілген екен.

Бүгінде алдағы халық санағына байланысты жүріп жатқан дайындық жұмыстарының жоспарына сәйкес көше атаулары жаңғыртылып, арнайы белгілер орнатылып жатқан болып шықты. Ал бұл қатарда білім беру ісінің ардагері, Толыбай, Аққала, Гребенщик, Елтай мектептерінде бастауыш сыныпта дәріс берген, бірнеше медальмен марапатталған ұстаз, сыйлы ана, адал жар Жанша Уәлиқызының болуы да құптарлық іс әрі мақтаныш деген жөн.

С.ХАЛЫҚОВ.

Елтай ауылы.

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521