Кітапхана — білім мен ізденістің, жаңашылдық пен рухани дамудың ордасы

Президенттің жастарға арнаған сөздері бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дөп басып отыр. Шынында да, қазіргі жас ұрпақ отаншылдықты бұрынғыдай тек ұраншылдық немесе жалынды сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеуді құндылық деп санайды. Жаңа идея ұсыну, ғылым-білімге ұмтылу, технологияны меңгеру – бұл заман талабына сай патриотизмнің жаңа қыры.

Кітапхана — білім мен ізденістің, жаңашылдық пен рухани дамудың ордасы. Сондықтан Мемлекет басшысының «жастардың басты күші – білім мен жасампаздықта» деген ойы біз үшін де үлкен бағдар болмақ. Кітапханашылардың міндеті – жастарға сапалы ақпарат ұсыну, олардың ғылымға, өнерге, технологияға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау.

Президент айтқандай, өскелең ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басып келеді.

Ендеше, біз кітапханашылар да осы ұмтылысты қолдап, білім алғысы келген әрбір жасқа сенімді серік болуға тиіспіз. Кітапхана тек кітап қана емес, ол — жастарды жаңа идеяға жетелейтін, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік өркениетке жол ашатын мәдени-ағартушылық орта.
Қорытындылай айтқанда, бұл жолдау жастардың рухани кемелденуіне, ғылым-білімге ұмтылуына, ал кітапханашылардың сол бағыттағы жұмысын жандандыруына жаңа серпін беріп отыр. 


Ақсана Азаматқызы,

аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету

бөлімінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT