"Киік" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-31 аралығында "Киік" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Шараның негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерінің және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу. 
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді топтар құрылып, олардың жұмысы жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу болып табылады.

Ғалымжан Жұмағалиев

ИПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT