Керемет нәрсеге қошемет неге жоқ?

Индербор кентінің Бейбарыс көшесіндегі (Арбат) демалыс орны жаңартылып, өткен аптада су жаңа субұрқақтар іске қосылып, тұрғындар мен қонақтар мәре-сәре болған еді.

Бірақ, ойын қуған балалар жер астынан шығатын фонтандарды қолдарымен жауып, тіпті, аяқтарымен басып соққылауынан жарамсыз күйге түсірді. Тіпті түрлі-түсті шамдары да жанбай қалыпты. Міне, осылай деп себебін түсіндірген Индербор кенті әкімінің орынбасары Алтынбек Ғабдуллин алдағы аптада мердігер мекеме келіп жөндеу жұмыстарын қайта жасап, іске қосатынын айтты.

190772789_1672442486289833_8249450979347337191_n

Ал екінші бассейні бар субұрқақтың маржандай төгілген суы тұрғындар мен қонақтардың жанына салқын самалымен сая жасап тұрғанымен, оның да сиқы мәз емес. Себебі іші толған қоқыс. Тіпті, балалар ішіне түсіп шомылып, су шашып ойнауды да әдетке айналдырып алыпты. Оның үстіне, су жүретін тұрбаларын қолдарымен басып тұрғандықтан, су шашуы да бәсеңси бастапты.

190551737_247361660476299_5110720950288896462_n

Кент әкімінің орынбасары Алтынбек Маратұлының айтуынша, ендігіде субұрқақтар «ИндерСу» мекемесінің теңгеріміне беріліп, бақылауда ұсталмақ. Қалай болғанда да қолда бардың қадірін түсінген, балаларға түсіндірген жөн-ау...

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521