Жалынды журналист, қарымды қаламгер, ауданның Құрметті азаматы Кеңес Сахиұлының 85 жылдығына арналған “Жалынды журналист, қарымды қаламгер” атты шығармашылық кеш өтті.
Әдеби кешке жиналғандар алдымен аудандық кітапхана ұжымы дайындаған "Көркем ойдың кемеңгері" атты мазмұнды кітап көрмесін тамашалады.
Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин шығармашылық кеш иесін құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаты мен Кеңес Сахи мен Төлеу Ербөлековаға шапан жапты.