Кәсіпорын сымдарын жымқырып сотты болды

Биылғы наурыздың бел ортасында орын алған бөтеннің мүлкін жымқыру дерегі бойынша азамат Т.Қ.Ш.-ға қатысты қылмыстық іс Индер ауданы сотында қаралды.

Сот отырысында айыпталушының Жарсуат ауылы тұсындағы Жайық өзені жағасындағы «Құрайлы-Сай» насос стансасының қасынан өтіп бара жатып, «Қазсушар» РМК-ның Атырау филиалының Индер өндірістік учаскесіне тиесілі насос стансасын іске қосу үшін алып келген әр метрі 6 679 теңге (жалпы құны 66 790 теңге) тұратын ұзындығы 10 метр КГ 3х120 + 1х35 маркалы мыс сымды жасырын жымқырғаны белгілі болды.

Т.Қ.Ш өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі кезде жәбірленуші өкілімен медиация тәртібімен татуласқандарын, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтырғанын айтып, қылмыстық іс тоқтатуды сұрады.

2020 жылғы 7 сәуірде кәсіби емес медиатор Б.Құнастың қатысуымен жасалған медиациялық келісімнің шартына сәйкес өзара татуласқандары ескеріліп, ҚК-нің 68- бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс тоқтатылды.

"Дендер" - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT