Кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманова, «Жасыл аймақ» ЖШС директоры Әнуарбек Кенжиев жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Еркін форматта өткен кездесу барысында үміткерлер партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер жайлы және де алдағы уақыт еншісіндегі байырқалы бастамалары туралы баяндады. Бағдат Сапаров өз сөзінде биылғы әлемді жайлаған пандемияға орай карантиндік шектеулер кәсіпкерлік саласына да оңай тимегенін, дегенмен «Nur Otan» партиясының бағдарламасында еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз етуге баса назар аударғанын атап өтті.

- Әсіресе, кәсіпкерлікті қолдау бағытында үлкен істер бар. Мысалы, мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтуге басымдық береді, - деді ол.

maslikhattttt

Жадыра Нариманова, Жастар ресурстық орталығында патриоттық тәрбие, рухани жаңғыру, азаматтық – құқықтық, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты азайту, бұқаралық спортты шаралар өткізуді жалғасатынын атап өтті.

-Жастарды қолдау мақсатында жыл сайын 200-ден кем емес жастарды жұмысқа орналастыруға, сонымен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы жаз мезгілінде 70-ден аса жасты жұмысқа орналастыру көзделген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарды жұмысқа тартып, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетіледі, - деді ол.

Әнуарбек Кенжиев, «Nur Otan» партиясы алғашқы құрылғаннан бері партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болғанына анық көзі жеткенін айта келе, қоршаған ортаның, кенттің тазалығына атсалыса беретіндігін атап өтті. Кездесу барысында мәслихат депуттаттығына үміткерлер кәсіпкерлердің толғандырған сауалдарына жауап берді және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

С.БАЗАРБАЕВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521