ҚР Мәдениет және спорт министрі Индер ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

 ҚР Мәдениет және спорт министрі Индер ауданына барды, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алдымен «Индер-Мәдениет» аудандық мәдениет үйінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

Жалпы ғимарат 2016 жылы салынған. Сыйымдылығы - 400 орындық. Мұнда 86 адам жұмыс істейді, оның 55-і мәдениет қызметкері, 29-ы оркестр маманы, 31-і техникалық қызметкер.

Сондай-ақ домбыра және би үйірмесі бар. Оған қоса, Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі, «Ару - Ана» халықтық әжелер ансамблі, «Ақжайық» халық театры, «Ақжайық» халықтық вокальды аспаптар ансамблі, «Асем-ай» үлгілі би ансамблі, «Бойтұмар» би ансамблі, «Бекзат» би ансамблі, «Атамұра» ағалар ансамблі және «Қарлығаш» үлгілі балалар хоры құрылған.

Кейін Индер аудандық жастар ресурстық орталығы ғимаратына барды. Нысан 1969 жылы пайдалануға берілген. 2019 жылы күрделі жөндеуден өтті. Мұнда 5 маман жұмыс істейді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында үстел теннисі, бильярд тақтасы қойылған.

Оған қоса, «Inderbor Cinema» кинотеатры 3 сеанспен көрермендерін қабылдап жатыр. Билеттерді «Tiketon.kz» сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Билет құны балаларға - 500, студенттерге - 600-800, ересектерге - 1200-1800 теңге. Кинотеатр 130 көрерменге арналған.

Асхат Оралов аймаққа жұмыс сапары аясында Индер ауданы Қарой жеріндегі Махамбет Өтемісұлының мазарына барып, батырдың әруағына құран бағыштады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521