Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанда алдағы жылдары туризм саласы қалай дамитыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
МСМ басшысының айтуынша, туризмді елдің экономикалық дамуының басым бағытына айналдыру.
Тиісті көші-қонды бақылау eQonaq электронды жүйесі және арнайы мобильді қосымшаларды енгізу арқылы іске асады. Сондай-ақ, уәкілетті органдармен бірлесіп, визалық, көші-қон саясатын либерализациялауға байланысты тәуекелдердің алдын алу жөнінде іс-шаралар қабылданады екен.
"Салынған қаражаттың тиімділігін бағалау үшін туристік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірлердің ұлттық рейтингтік бағасын енгізу жоспарланып отыр. Рейтинг Қазақстанның туристік картасына енгізілген басым бағыттар мен ТОП-50 дестинацияны қамтитын болады.
Өңірлік туризм саласындағы шағын, орта және ірі "зәкірлік" инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке капитал тартылады. Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Алматы тау-шаңғы кластері және басқа да орындар басым аймақтар ретінде қаралады", - дейді ол.
Даму аясында Имантау-Шалқар курортты аймағын дамыту аясында Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан жердің туристік-рекреациялық қызметінің жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.
"ТЖМ аумақтық бөлімшелерін туристердің жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар ету бойынша талап енгізіледі. Бұл ақпарат іздеу іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету немесе эвакуациялау үшін аса маңызды", - деді Оралов.