ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Облыстық әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту орталығының мамандары ауданда болып, жастар ресурстық орталығында өз кәсібін ашқысы келетін бір топ қызкеліншектерге арнап арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды.

Атырау облысы кәсіпкердер палатасының жанынан құрылған Іскер әйелдер орталығының кеңесшісі Гүлнафис Жармуханбетова, іскер әйелдер кеңесінің Атырау облысы бойынша төрайымы Гүлжан Мұхатаева «Әлеуметтік кәсіпкерлік және кооперация», «Ауылдан шыққан кәсіпкер – көшбасшы әйелдер», «Ауыл әйелдеріне берілген несие – ауыл мәселесін шеше алады ма?» тақырыбында және әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін көтеру бағытында өздерінің жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Орталық өкілдерінің айтуынша, өңірде іскер әйелдер орталығына 200-ге жуық әйелдер мүшелікке өткен. Олардың арасында индерліктер де бар екен.

isk

-Жалпы, қоғамда әйелдің рөлін қызмет ету мен табыс табудағы икемділігі көп айтылғанымен көп жағдайда облыс, аудан орталықтарындағы шалғай елдімекендерде тұратын замандастарымыздың шет қалып қойып жататыны жасырын емес. Сондықтан, болашақта ауылдағы қыз-келіншектермен байланыс орнатып, өз кәсіптерін ашуға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибемізбен бөлісуді жоспарлап отырмыз,-дейді Гүлнафис Ерсайынқызы. Жалпы, айта кетейік, ауданда 1738 кәсіпкер тіркелсе, оның ішінде 968-і – қыз-келіншектер қауымы.

Мемлекеттік грантқа ие болған кәсіпкер әйелдер саны да артуда. Өткен жылы 12 адамның ішінде үш әйел адам мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде 22 әйел адам 583 мың 400 теңге қайтарымсыз қаражат алса, 8 әйел адам жеңілдетілген пайызбен несие алып өз істерін дөңгелетіп отыр.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз