Индерлік тұрғын жоғалған малын тауып берген полицейге алғыс айтты

25 ақпан күні Индер ауданы Полиция бөліміне жергілікті тұрғын 4 бас сиыр малының жоғалып кеткендігін айтып, хабарлама берген. Жайт бойынша тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, іздеу шараларына кірісті. Кейін полицейлер 28 ақпан күні Индер кентінен 5 шақырым ​ қашықтықта орналасқан тоғай ішіндегі ​ Жайық жағалауынан қара малдарды тауып, иесіне қайтарды.
 Өз кезегінде мал егесі тәртіп сақшысына алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
​ -Индер аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Ербатыр Камешов және Индер аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімшесінің Учаскелік полиция инспекторлары полиция капитандары Мейрамбек Нығметов пен Тұрлан Ильяшовқа өз алғысымды білдіремін. Қара малды өздігімнен іздеген ешқандай нәтиже бермеді.Осындай қолайсыз ауа-райына қарамастан көмектескендеріңіз үшін рахмет-деді, Ерболат Жанзаков.
Айта кету керек,Индер ауданы аумағында «Мал ұрысы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Осы ретте, полиция қызметкерлері өңір жұртшылығына мал ұрлығының немесе жоғалуының алдын алу үшін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521