Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау облысында 15-24 қараша аралығында өткізіліп жатқан "Мал ұрысы" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Индер ауданы аумағында қаңтар айында жайылымнан 6 бас сиыр малын ұрлап, мал иесіне 3,5 млн теңге залал келтірген 1970ж.т., күдіктіні анықталып, ұсталды.
Барымташы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, ұрлаған ірі қарасын өзге қыстақтарға сатып жіберген. Қолы үйренген күдікті тамыз айында дәл осы мал иесінің тағы да 1 бас сиырын ұрлап, оған 500 мың теңге залал келтіргендігі де әшкере болды. - Аталған қылмысқа күдікті өз кінәсын толықтай мойындады. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 3 бөлімімен тергеу жүргізілуде.
Мал ұрлығының басты себебі - төрт-түліктің жайылымда қараусыз қалуы болып отыр. Бұл ұрылар үшін оңай олжа көзі. Сондықтан, мал иелерінен залалдың алдын алып, жайылымда қараусыз мал қалдырмауын сұраймыз, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.