Индерден Қарабауға дейін жол салынады

Облыстық маңызы бар «Индер-ҚарабауМиялы-Сағыз» автокөлік жолының құрылысы басталғанына да біраз болды. Бірақ Сағыз ауылынан бастап кезең-кезеңімен салынып келе жатқан жолдың игілігін индерліктер әлі күнге дейін көре алмай келеді. Ал тауға баратын бұрынғы Борат кенішіне дейінгі автокөлік жолының астаң-кестеңі шыққалы қашан. Осы орайда аудан әкімі Мейірім Қалауи бұл жолдың қалған бөлегін Индерден бастап Қарабауға салуды ұсынып жүрген болатын. Сәтін салып былтыр аудан территориясында тау ішінде 7,5 шақырым салынса, енді биыл жол Индербордан басталмақ.

Осы орайда нақты қандай жұмыстар жүретінін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі басшысы Ақесен Ибрагимовтан білген болатынбыз.

-80 шақырымды қамтитын Индер –Қарабау жолының құрылысына биылға 2 млрд теңге қаржы бөлініп, 7 шақырым жол төсеу жоспарлануда. Екі жолақты автокөлік жолының ені 7 метрді қамтымақ. Бұл күре жол жөндеуде болатындықтан уақытша қатынасқа қиыршық тас төселген жол салу да жоспарлануда. Әзірге карантинге байланысты жұмыстар кешіктірілуде. Басқадай жол құрылысын жүргізуші - «АИС» ЖШС-нің техникалары мен жол төсеуге қажетті материалдарының бәрі дайын, - деді бөлім басшысы.

Бұйырса бұл маңызды жол көршілес Қызылқоға ауданымен байланысты жақсартумен қатар кентішілік қозғалыста жанданып, әсіресе «Болашақ» мөлтек ауданы тұрғындары игілігін көмек.

Сонымен қатар алдағы жаз айларында Тұзбұлаққа, каръерлерге және тарихи орындар баратын жол қысқарып, өлке туризмінің тынысы ашыла бермек.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521