Индерде ауданында мұғалімдер күні аталып өтті

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға»- деп ұлы Абай бабамыз айтқандай, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, тәлім мен тәрбие, үлгі-өнеге беріп қана қоймай,  қоғамды тәрбиелеп жүрген мұғалімдер күніне  орай аудандық мәдениет үйінде "Ұстаз - ғұмыр, ұстаз - нұр" атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Дарын Шамұратов ұстаздарды мерейлі мерекемен құттықтап, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Райхан Кенжеғалиеваға Ы.Алтынсарин төсбелгісін және бірқатар мұғалімдерге ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет Грамотасын, аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Білім саласына саналы ғұмырын арнап, бірнеше буынды  білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздарға естілек сыйлықтар тарту етілді.

Сондай-ақ, мерекелік шарада саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталса, бірқатар ұстаздар аудандық мәслихат пен бөлім басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521