ИНДЕРДЕ АРНАЙЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

 Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойыша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 6-7 ақпан күндері аралығында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілді.

Мұндай шара жотасы биік Индер ауданында да ұйымдастырылды. Оқу жаттығу барысын аудан әкімі Серік Нысанбаев арнайы аралап көріп тексерді.

-Оқу жаттығу тақырыбы 2025 жылы су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жөю жөніндегі қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары күштері мен құралдарын дайындау болып табылады. Оқу жаттығу кезеңіне 33 техника, 98 қызметкер, 15 азаматтық қорғау қызметтері қатысты,-дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Ербол Ғабитов.

Оқу жатығу барысында аудан бойынша құлақтандыру жүйелері тексерілді. Сонымен қатар республикалық маңызы бар автокөлік тас жолдарына су өткізу бөгеттері тексерілді. Сонымен қатар төтенше жағдай орын алған кезде тұрғылықты халықты қауіпсіз жерге көшіру мен орналастыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету жаттығулары көрсетілді.

СҰҢҚАР КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT