Индербор кенті әкімі есеп берді

Бүгін жаңа мәдениет үйінде Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратов кенттің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен биылғы жылғы міндеттері туралы тұрғындарға есеп берді.

Жалпы Индерборда 14840 адам болса, алдыңғы жылмен салыстырғанда 338 адамға өсті. Былтыр 23 азамат әртүрлі мақсатта жалпы көлемі 101 745 мың теңге несие алса, жыл ішінде 15 кәсіпкерлік нысан қабылданды. Оның ішінде автокөлік жуу орны, дүкен, сұлулық салондары бар.

Жеке және заңды тұлғалардың алты салық түрінен 57 207,0 мың теңге түсіп, жоспарланған қаржымен салыстырғанда 2 684,0 мың теңгеге артық орындалды.

Сондай-ақ биыл «Көктем» мөлтек ауданына шағын футбол алаңшасы, Б.Майдыров және «Көктем» саябағына балалар ойын алаңшасы, Д.Қонаев, Тайсойған көшесі қиылысына бағдаршам орнатылса, Ш.Уәлиханов көшесіндегі саябақ жөнделіп, жарық шамдар, лайтбокс, жол белгілері, қоқыс алаңшалары жаңартылды.

Бұл мәлеметтердің барлығы Индербор кенті әкімі А.Саламатұлының баяндамасында қамтылды. Сондай-ақ биылғы жылға міндеттерге кентті сәулеттендіру, тазалық жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу, зираттарды қоршау, орталық саябақты, көп қатарлы тұрғын үйлердің алдын абаттандыру сынды тағы басқа да жұмыстар құрайды.

Тұрғындар арасынан Қ.Кәрім, С.Жұқиев, С.Ғалым, К.Сабырғалиев, С.Әйтимов, Г.Тілегенова, тағы басқалары сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Жиынға аудан әкімі Мейірім Қалауи қатысып, аудан бойынша кейбір сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Толығырақ «Dender» газетінің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521