Индер көпірінің бір жақ бөлігі уақытша жабылады

Индербор кентінде Жайық өзені үстіне осыдан он жыл бұрын көпір салынып, халық игілігіне берілген болатын. Содан бері жөндеу көрмеген оның кейбір жерінің қоршаулары түсіп, асфальттары ойыла бастаған.

Енді соған «Salem construction» мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізбек.

- 21 тамыздан бастап Индербор кентіндегі орталық көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай бір бағыттағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылып, автокөліктер екі бағытта да бір жолақпен жүргізілетін болады. Жол көлігі қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады, -деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Ибрагимовтан білгеніміздей, орташа дәрежедегі жөндеу барысында көлік және жаяу жүргіншілер жолының асфальты ауыстырылып, қоршаулар жаңарып, жол белгілері мен жарық шамдары қосымша ауыстырылады екен.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін созылуы мүмкін.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521