Индер ауданында итті қатыгездікпен өлтірген азамат қамауға алынды

Атырау облысында итке қатыгездік көрсетудің тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желісі аудандық "Дендер" газетіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 маусымда Индер ауданындағы Көктоғай ауылында болған.

«Ауыл тұрғыны көршісінің итін ауыл шаруашылығы құралымен соғып өлтіргені анықталды. Аудандық полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушыны ұстады. Үй жануарына қатыгездік танытып, өлтірген азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттары қысқа мерзімде сотқа жолданатын болады», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында итті қорлауға қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бірінші оқиға 30 мамырда Атырау қаласының маңындағы «Береке» шағынауданында болды. Онда ер адам көшедегі итті мылтықпен атқан. Ал 31 мамыр күні Еркінқала кентінде 32 жастағы азамат иттің мойнын тоңазытқыштың есігіне қысып, тұншықтырған болатын.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521