Индер ауданында екпе алу басталды

Ақпан айының 1 жұлдызынан бастап елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Мақсат - індеттің алдын алып, одан қорғану. Мамандардың айтуынша, вакциналау коронавирусты тоқтатып, пандемиядан шығудың бірден-бір жолы болып табылады.

Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаеваға жолыққанымызда екпе салуға дайындық жұмыстары ауданда тыңғылықты жүргенін атап өтті. Екпеге рұхсат беретін дәрігер С.Исағалиева мен ембикелер Б.Адушева, Ш.Сәрсенғалиева арнайы оқытылып, дайындықтан өткен. Оған аудандық емхананың бірінші қабатынан арнайы 4 бөлме дайындалып, тиісті медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылған. Арнайы кабинеттерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мониторинг тобы мен аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитарлық мамандары тексеруден өткізіп, екпе салдыруға дайын деген қорытындысын берген.

algashky-ashylgan-vaktsina-osy

Екпе салуда эпедимиялық маңызы бар 8 топ белгіленсе, алдымен оның 1-ші тобы медицина қызметкерлерінен бастап егілмек.

ukoldy-azrleude-mejrbike-bagyt-adusheva

Ауданда бірінші кезеңде 126 адам егу жоспарлануда. Оның ішінде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет мамандары егіледі.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет мамандары вакцинацияланады.

Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады. Бұдан басқа ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және барша азаматтарды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

2-sh-bop-ekpe-algan-anar-dospaeva

-Сәйкесінше вакцинацияны алдымен жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттардан бастаудамыз. Вакциналау әр адамның қалауы бойынша іске асады, оған ешкімді мәжбүрлемейді. Оларға емханада арнайы дәрігер міндетті түрде денсаулығын тексеріп, тиісті рұқсатын береді. Атап айтарлығы, вакциналау адамның денсаулығы жақсы кезде ғана жүргізіледі. Егер аурудың белгілері болған уақытта екпе салдыруға болмайды, - дейді бас дәрігер Анар Доспаева.

Алғаш болып емхананың терпевт дәрігері Қайыржан Таудаев пен бас дәрігер Анар Доспаева және басқа да медицина қызметкерлері Анаргүл Уәлиева, Шынаргүл Хамидолла, Роза Сисенғалиева ауданда алғаш болып, ковидке қарсы вакцина алды. Вакцина салдырғандарға арнайы демалыс бөлмесі жабдықталған. Олар жарты сағат уақыт медицина қызметкерінің жіті бақылауында болады екен.

- Бұған дейін тұмауға қарсы салдырып келсек, енді міне ковидке қарсы алып отырмын. Жағдайым жақсы, сәл тынығып дәрігерлердің бақылауында болып, қызметіме қайта араласамын. Жалпы қороновирусқа қарсы екпе салдыру әркімнің де қауіпсіздігі үшін қажет, - дейді дәрігер Қайыржан Таудаевты сөзге тартқанымызда.

algash-ekpe-algan-darger-kajyrzhan-taudaev

Ал 4-ші бөлмеде егер екпе алушы түрлі себеппен сырқаттанып қалып жатса, шұғыл көмек көрсететін бөлме дайындалған.

-Әрине, бәрінде болмағанмен кейбір адамдарда вакцинадан кейін тұмауға қарсы екпе салғандай ағзасында температурасы жоғарылауы, вакцина салынған жердің қызарып, жағымсыз әсері кездесуі мүмкін. Сондықтан да әркез жедел көмек көрсетуге дайынбыз, - дейді бас дәрігер.

algashky-ekpe-alushylar

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізілмек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді, адам организміндегі антиденелер саны артатынын айтады мамандар.

ekpe-algannan-kejng-demalys-bolmes

Сондай-ақ бас дәрігер ресейлік «Спутник V» вакцинасы бойынша қарсы көрсетілімдерге анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, жүктілік және бала емізу кезеңдері, 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарттар барын айтады. II компонентті салу кезінде біріншісін салған кездегі вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар болғанда салдыруға болмайды. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы егу тегін жүргізіледі.

-Екпе жасағаннан кейін де қашықтықты сақтап, қоғамдық орындарда бетперде тағып, жалпы сақтық шаралары туралы ұмытуға болмайды, - дейді бас дәрігер.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521