Индер аудандық сот төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2023 жылғы 26 маусымдағы №268 Жарлығымен Индер аудандық сотының төрағасы лауазымына Баймаханбетов Руслан Берікұлы  тағайындалды.

Жаңа сот төрағасының ресми түрде таныстырылымы бүгін Индер аудандық әкімшілікте өтті. Аудан активі қатысқан жиынды  аудан әкімі Дарын Шамұратов ашып, жүргізіп отырды. Шарада  Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен Ерғазиев сөз алып, Индер ауданының жаңа сот төрағасын таныстырып, ісіне сәттілік тіледі.

Жаңа сот төрағасы Руслан Берікұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 1989 жылдың 31 қаңтарында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тамамдаған.  Оңтүстік Қазақстан облысында, Қазақстан Республикасының Әскери сотында және Астана қаласындағы сот саласында түрлі деңгейде қызмет атқарған. Бұған дейін Исатай аудандық сотының судьясы болған.

Жиында  Руслан Берікұлының өзі сөз алып, артылған сенімді ақтап,  әділдіктің ақ жолында аянбай еңбек ете беретіндігін атап өтті.

Айта кетейік бұған дейін аудандық сот төрағасы болып  Хабаров Жанат Саматұлы қызмет атқарған болатын.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT