Есболдың жолдары жаңарып жатыр

Бұрынғы аудан орталығы Есболда қазіргі таңда 22 шақырым жол асфальттап, көшелерге тротуарлар төсеу жұмыстары қызу басталғанына бір айдың жүзі болды. Бұл жұмыстармен облысқа осы бағыттағы жұмыстарымен танылған «АИСТ» ЖШС-і айналысып жатыр.

Округ әкімі Ерболат Сабиров айтқандай, Есбол ауылын қақ жарып өтіп жатқан ұзын И.Тайманов пен М.Әуезов, Достық, К.Бахитов, Махамбет, Жамбыл, тағыда басқа көшелерді ескі жол табаны қырылып, орнына қиыршық тас пен щебень төгіліп, тығыздалып, онан соң екі қабат асфальт, сонымен қоса 2 шақырым тротуардың негізі салынып, плиталары төселіп жатқан беті екен.

-Таңертеңгі жұмысымыз осы жолшылардан басталып, кешкісін де осы маңнан табылып, сәт сайын кездесіп жататын түрлі мәселелердің басы-қасынан табылуға ұмтылып келеміз. Амандық болса, Есбол ауылы да Жайықтың бұқар бетіндегі елді мекендерден бірде-бір кем емес, жолдары теп-тегіс, жайнаған таза да жарық жайлы мекен болатынына сенімдімін,-деді бізге округ әкімі Ерболат Сабиров.

Округ әкімі сонымен бірге ауылдағы бірқатар ескі ғимараттардың орыны тазаланып, мекемелер мен мектеп алдарына қосымша алаңдар, тұрақтар салу ісі де рет-ретімен шешімін тауып жатқанын жасырмады.

Тарихын тым әріден алатын ескі Есболдың енді жолдары мен көшелерінің, бау-бақтарының кешігіп болса да қайта түлеуі, жаңарып, жасаруы ұзағынан болып, тұрғындары олардың қызығын көре бергей демекпіз.

Толығырақ «Дендер» газетінің 8 мамырдағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика