Еріктілер ерледі

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Жыл қорытындысына орай «BIRGEMIZ» жалпыұлттық волонтерлік жобасы аясында «Bilim», «Saýlyq», «Sabaqtastyq», «Taza álem», «Asyl mura», «Qamqor», «Úmit» бағыттары бойынша еңбек еткен еріктілерді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова номинациялармен және бірқатар спортшыларды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Шараға Атырау қаласынан және әр ауданнан келген белсенді жастар қатысты. Соның ішінде индерлік белсенді ерікті жастар да марапаттан кем қалмады.

Атап айтсақ, «Үздік жас әлеуметтік волонтер» номинациясына Қуат Жанесеев, «Үздік жас медицина волонтері» номинациясына Әділ Болатұлы ие болса, Атырау облысы әкімінің алғыс хатын еркін күрестен Қазақстан чемпионы Талғат Сырбаз еншіледі.

- Бұл жеңіске себепші – ең әуелі Алла, кейін бізді қолдап, шыңдап, бір жұдырықтай жұмыла білген халықтың жеңісі деп білемін! Осындай марапатты алып жатқаныма қуаныштымын. Облыс әкімдігіне алғысымды білдіремін! Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Келер жылда да ауданға септігіміз тиетіндей жұмыстарды жалғастыра бермекпіз, - дейді жас ерікті Қуат Жанесеев.

Ендеше жыл қорытындысымен үздік деп танылған еріктілерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

А. Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз